OYLA. №12 (40). Желтоқсан 2018.

OYLA
20181240
1665,00
тңг.
Айналу механикасы
Қозғалтқышты құрағанмен іс бітпейді. Енді айналу кезін жоғалтпай, атқарушы механизмді іске қосу керек. Бір қызығы, мыңдаған машиналарды «тірілтетін» құрылғы — трансмиссиялар — моторлардан әлдеқайда бұрын пайда болған. 
Мандарин
Желтоқсанда бұл сарғылт тәтті жемістің жұпары Жаңа жылдың жақындап қалғанынан сыр шертеді. Мандарин қабығынан тез аршылады, оны жылдам бірнеше бөлікке бөліп, достарға сыйлап, мерекелік тағамдарға қосуға болады. Алайда, сіздер олардың тарихи отаны қай жақта екенін, әлемге қалай таралғандарын, не себепті сүйекті және сүйексіз болатынын, сондай-ақ осы бір нәрлі цитрусты барлығына жеуге болатын-болмайтынын білесіздер ме?
Жаңа жыл химиясы
Жаңа жыл түні — тек шырша, мандарин, Аяз атаның құттықтауы және отбасылық отырыспен шектелмейді. Көбі бұл мерекені атылатын шатырлақтарсыз, бенгал шамының жарқылы мен түрлі-түсті отшашуларсыз елестете алмайды. Жаңа жылдың осы бір жарқын да шуылды серіктері неден құралғандарын қарастырайық.
Аязға төтеп беру
Жер — Ғаламдағы тіршілікке ең қолайлы орын. Негізі, біз өмір сүруге оңтайлы басқа аспан денелері жайлы ештеме білмейміз. Дегенмен, біздің ғаламшарымызда да қолайсыз жерлер кездеседі. Мысалы, қазір Солтүстік полюстің басым бөлігі өте суық, Антарктида да дәл солай (ол жақта үнемі аяз). Осындай төмен температурада жануарларға өмір сүруге, өсуге және, тіпті, көбеюге мүмкіндік беретін не?

lwh: 270x220x50 mm

Weight: 200 g

Тағы қарау
Click to order
Сіздің тапсырысыңыз
Total: 
Аты-жөні:
Email
Телефон нөмірі
Журнал қай тілде?
Облыс
Тізімнен таңдаңыз
Қаланың аты
Мекенжай
Ескертпе қалдыру
Промокод (бар болса)