OYLA. №7 (35). Шілде 2018.

OYLA
201807357
1665,00
тңг.
Конус және оның қимасы
 Бұл — кез келген оқушыны жылдам зеріктіріп жіберетін ең қызықсыз тақырыптардың бірі. Сондықтан, оған тап болғандардың көбінде «Осының маған қажеті не?» деген сұрақтың туындауы қалыпты жағдай. Конус қимасы арқылы сіздер GPS жүйелердің қалай жұмыс істейтінін, радиодабылдардың тасымалдануын, жарықтың қалай таралып, шағылысатынын, теріс пішіндегі ғимараттарды қалай тұрғызатынын және тағы басқаларды біле аласыздар. Сонымен, әлі де қызықсыз болып көріне ме?
Жидекті тарих: бүлдірген
Көпшілік үшін жаз орман алқаптары мен бақ жүйектерінде қызыл, тәтті де жұпар иісті жидектер піскен уақытта басталады. Не себепті бүлдіргенді соншалықты жақсы көреміз, оған тәтті дәм мен нәр беретін не, ол пайдалы ма, және неге жүйектен дәл қазір үзілген жидек екі-үш сағат бұрын терілгенге қарағанда дәмдірек болып көрінеді?
Күн жүйесіндегі ауа райы
Ғаламшарымыздағы климат үнемі құбылып тұрады. Кейінгі кездері температуралық рекордтар, нөсерлер мен құйындар түріндегі түрлі өзгерістер жайлы жиі естиміз. Алайда, ғарыштық ауқымда алғанда біздің ғаламшарымыздағы тіршілік қалыпты және стандартқа сай. Жерден тыс климаттық жағдай диапазоны әлдеқайда кеңірек. Ендеше, ауа райы жағынан жолымыздың болғанына көз жеткізу үшін Күн жүйесінің өзге ғаламшарларына назар аударайық.
Ақылдың зияны: Ғалымдар мен олардың оқыс идеяларының рейтингі
Ми мінсіз емес және көп жағдайда оның өзімізді қате жолға бастап жібергенін де байқамай қаламыз. Тіпті, Нобель сыйлығы лауреаттарының өзі кейде ғылыми әдістеменің қатаң қағидасынан тайқып, ауқымды зиян келтіретін, дәлелденбеген, және тек босқа ақша жұмсалатын ғана емес, сонымен қатар адам өліміне әкелетін идеяларды қолдайды. Ендеше қауіп-қатер неғұрлым ауқымды болса, біздің рейтингімізде алатын орны соғұрлым жоғары.
Ілгерілеуге апарған металл
Металлургияның өркендеуі XVII ғасырда басталған Ұлы индустриалды революциясы зор ықпалын тигізді. Темірдің арзан және қолайлы өңдеу жолы табылған болатын. Бұл металдың арқасында кеме, пойыз, көпір, станок, көлік, бу қозғалтқышы, темір жол, пеш, телеграф, пушка және т.б. адамзат жетістіктері дүниеге келді. Ал металлургтар бізге не сыйлаған екен?
Меха: ащы шындық
Аниме механы жақсы көресіздер ме? Тура меха-сериалдағы секілді алпауыт жүріп келе жатқан роботты тұрғызу қаншалықты шынайы екенін және оның адамзат үшін қаншалықты керектігін сөз қылайық. Сондай-ақ сүйікті аниме, фильмдеріңіз бен видео ойындарыңызға сілтеме жасаймыз.
Найзағай: қалай пайда болады?
Әрқайсымыз өмірімізде аспанды қақ жарып, алай-дүлей қылатын, ең әсерлі әрі қорқынышты табиғи құбылыс — найзағайды кем дегенде бір рет болсын тамашалаған шығармыз. Жыл сайын найзағай соққысынан мыңдаған адам көз жұмады. Дегенмен, осыншалықты қауіпті болуына қарамастан, найзағай көптеген қызықты құпияларға да толы.
Домалату шеберлігі
Боулинг! Шарды алғаш рет кім және қашан дөңгелете бастаған, кегельдің қандай да бір кәделік мағынасы бар ма, кімдерге ойнауға тыйым салынған, «әженің тісі» және «күркетауық» деген не, шарды қалай таңдаған дұрыс және қандай ережелерді сақтаған жөн?
Дәнекерлеу тарихы: балқытудан лазерге дейін
Қосылмайтын екі металды біртұтас қылып байланыстыруды адамзат ертеден-ақ меңгерген. Мысырлықтар мен римдіктер дәнекерлеуді зергерлік өнер мен су құбырын төсеуде пайдаланған, дегенмен дәнекерлеу өнеріндегі нағыз төңкеріс электр қуаты ашылғаннан кейін өркендеді.

lwh: 270x220x50 mm

Weight: 200 g

Тағы қарау
Click to order
Сіздің тапсырысыңыз
Total: 
Аты-жөні:
Email
Телефон нөмірі
Журнал қай тілде?
Облыс
Тізімнен таңдаңыз
Қаланың аты
Мекенжай
Ескертпе қалдыру
Промокод (бар болса)